“Инсайды от Карпа” телеграм-арнасы ресейлік маман Александр Кержаковтың “Қайрат” командасына бапкер атануы мүмкін дейді.
41 жастағы бапкер “сары-қаралардың” басшылығымен келіссөздер жүргізу үшін арнайы Алматыға келіпті. Бірақ әлі нақты шешім қабылданған жоқ. Александрдан бөлек, жаттықтырушы қызметіне тағы екі маман үмітті.
Экс-шабуышлы өткен жылдың қараша айынан бері клубсыз келеді. Ол бұған дейін “Томь”, “Нижнем Новгород”, “Кармиотиссе” және сербиялық “Спартак” ұжымдарын баптаған.
Футболшы ретінде Кержаков Санкт-Петерборлық Зениттің сапында танылды. Жалпы мәскеулік клуб сапында ол барлығы 130 ойын өткізіп, 50-ден астам гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET