Санкт-Петерборлық “Зенит” ұжымы “Бенфика” жартылай қорғаушысы Оркун Кекчумен келісімшартқа отыруы мүмкін.
Ресейлік ұжымның ресми өкілдері Бенфикаға Кекчуге байланысты өз ұсынысын жіберген екен. Зениттен бөлек, түркиялық ойыншыға ПСВ клубы қызығып отыр. “Бенфика” болса, жан-жақтан ұсыныс жасап жатқан клубтарға өз жауабын беруге асығар емес. Соңғы әрі нақты шешім жазғы трансферлік ауысым басталар сәтте қабылдануы тиіс деп болжанып отыр. Соған дейін ресейлік клуб Оркунның агентіменде байланыс орнатып қоюды мақсатып етуде.
23 жастағы ойыншы осы маусымда Португалия біріншілігінде “Бенфика” үшін 23 ойын өткізіп, 5 гол мен 7 голдық пас берді.
Трансфермаркет Кекчуды 30 млн еуроға бағалайды.
Отандасымыз Нұралы Әліп өнер көрсететін клубқа Оркун ауысатын болса, онда түркиялық петерборлық ұжымның ең қымбат ойыншысы атанбақ.
Біздің серіктес: FONBET