Ішкі чемпионатта ЦСКА-ны ұтқан “Зенит” футболшыларына клуб басшылығы 26 млн теңге беретін болды.
Еске салсақ, Санкт-Петербор командасы РПЛ 8-тур аясында мәскеулік ЦСКА-да қонақта болып, аргентиналық Лусиано Гондудың голының арқасында минималды есеппен жеңген болатын. Аталған ойынның алдында “Зенит” басшылығы өз аяқдопшыларын ыңталандыру мақсатында әрқайсысына 5 млн рубльден бөліп береміз депті. Нәтижесінде жігіттер жерге қарап қалмай басты қарсыластарынан басым түсті.
Ендігі кезекте басшылық өз сөзінде тұрып, 26 млн теңгеден әр футболшыға сыйақы береді.
Айтпақшы клубтың атқамінерлері әу-баста 13 млн теңге береміз деп жоспарлаған. Алайда ойлана келе, сыйақы соммасын ұлғайтуды дұрыс деп тапқан екен.
Біздің серіктес: FONBET