“Зенит” клубы РПЛ антирекорд орнатты

Петерборлық “Зенит” РПЛ 22-турында “Крылья Советов” клубымен тең тарқасты (1:1). 

Самарадағы кездесуді Әліп қосалқы құрамнан тамашалады. Бас бапкер Сергей Семак қорғаушыны бұл ойынға шығармады. 

Ресейлік маман тізгініндегі “Зенит” РПЛ ең сәтсіз маусымдарының бірін өткізуде. Петерборлық ұжым ішкі біріншіліктің 22-турында небәрі 41 ұпай жинаған. 

2018/19 жылғы маусымнан бері “Зенит” 21-турда қанша ұпай жинап келді.

2018/19 - 44;
2019/20 - 47;
2020/21 - 42;
2021/22 - 45;
2022/23 - 51;
2023/24 - 41.

Соңғы рет “көк-ақтар” Роберто Манчини бапкер болып тұрған кезде аз ұпай жинаған (38). 

Отандасымыз Нұралы Әліп РПЛ осы маусымында “Зенит” үшін 17 матч өткізді.