Жарнама
Жарнама

“Зенит” командасы Нұралы Әліпке қарсылас атанатын ойыншыны тапты

Мәскеулік ЦСКА қорғаушысы Игорь Дивеев мансабын Петербор командасында жалғастырмақ.

Жарнама
Жарнама

“Зенит” командасы Лусиано Гондуды Игорь Дивеевпен алмастырып алуға ЦСКА-дан рұқсат алыпты. Оның үстіне Семак командасы ресейлік қорғаушы үшін қосымша ақыда төлейді. 

Дивеев әскерилер сапында 2018/19 жылғы маусымда дебют жасады. Содан осы уақытқа дейін ол Премьерде 158 матч өткізді. Осы маусымдағы біріншілікте Игорь 16 ойын өткізіп, 2 голдық көрсеткіш тіркеді.

26 жастағы Ресей құрамасының қорғаушысы “Зенит” командасында отандасымыз Нұралы Әліптің позиция бойынша қарсыласы атанады. Осы себептен, ел құрамасы ойыншысы соңғы ойындарда көрсеткен қарқынын бәсеңдетіп алмай, бапкерлік штабқа негізгі құрам қорғаушысы екенін тағы да дәлелдеуі қажет. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: