«Зенит» Әліптің орнына тағы бір бразилиялықты ала ма?

17.09.2024, 19:11

Питерлік «Зенит» бразилиялық қорғаушы Муриллоға қызығушылық танытып жүр деген ақпарат бар.

Нұралы Әліп "Зенит" сапында

.«Палмейрастың» намысын қорғайтын футболшының Нұралы Әліптің позициясында өнер көрсететіні мәлім. 27-жасар футболшыға сондай-ақ мәскеулік «ЦСКАНЫҢ» да қызығушылық танытып жүргендігі белгілі. Transfermarkt порталы қорғаныс шебінде ойнайтын бразилиялықтың нарықтағы бағасын 10 миллион Еуроға бағалайды. Естеріңізде болса, Мурилло осыған дейін де РПЛ-де доп тепкен. Қорғаушы мәскеулік «Локомотив» сапында ойнаған болатын. 

Айта кетейік, Нұралы Әліп «Зенитте» 2022-жылдан бері өнер көрсетуде. Қазақстан құрамасының қорғаушысы питерлік клубқа «Қайраттан» ауысып барған болатын.