Жарнама
Жарнама

«Зенит» мерзімінен бұрын Ресей чемпионы атанды

03.05.2021, 05:57
«Зенит» бүгін өзінің тікелей бәсекелесін ірі есеппен жеңді.
Жарнама
Жарнама

Ресей Премьер-лигасының 28-туры қарсаңында "Зенит" мәскеулік "Локомотивті" 6:1 есебімен жеңді. Кездесу Санкт-Петербургтегі "Газпром Арена" стадионында өтті.

Осы жеңістің арқасында "Зенит" 28 матчта 61 ұпай жинап, Ресей чемпионатында мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды. Екінші орында тұрған мәскеулік "Локомотив" "Зенитті" қуып жету үшін математикалық мүмкіндігінен айырылды.

Айта кету керек, "Зенит" қатарынан үшінші маусымда чемпион атанып отыр: Семак шәкірттері 2018/2019 және 2019/2020 жылғы маусымда да Ресей чемпионатында топ жарған болатын. Оған дейін 2017/2018 жылғы маусымда "Локомотив" чемпион болған еді. Жалпы, "Зенит" клубы жеті рет ел чемпионы атанды.

Ағымдағы маусымның қалған екі турында "Зенит" "Уфа" және "Тамбовқа" қарсы ойнайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров