Ресейлік футбол агенті Сослан Касабиев 22 жастағы қорғаушы Нұралы Әліптің «Зенитке» ауысуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды РИА Новости басылымы:
– Әліптің ісімен «Қайраттың» президенті айналысуда. Менің мәліметім бойынша, «Зенит» Нұралыны сатып алу құқығымен маусымның соңына дейін жалға алмақшы. Қателеспесем, трансфер құны 4 миллион еуроны құрайды. «Зенит» Әліптің мүмкіндігін кезінде Қазақстанда ойнаған Анатолий Тимощук пен Андрей Аршавиннің арқасында біліп отыр. Егер ТМД елдері туралы айтатын болсақ, онда салыстырмалы түрде аз ақшаға қорғанысты нығайтудың жақсы нұсқасы жоқ. Нұралы - еурокубокте тәжірибесі бар, Қазақстан құрамасындағы үздік ойыншылардың бірі.
Ол «Зениттің» негізгі құрамындағы орын үшін күресуге қабілетті ме? Оны жаттығу процесі көрсетеді. Иә, «Зениттің» қорғанысындағы бәсекелестік жоғары, бірақ жарақат пен дисквалификацияның болмайтынына кепілдік жоқ. Дәл қазір мен Әліпті негізгі құрамға үміткерлер тізімінде үшінші орынға қояр едім. Оның сол аяғы мықты, орталық қорғаушылардың бұл қасиеті ерекше бағаланатынын ұмытпауымыз керек.
Біздің серіктес: FONBET