"Зенит" клубының бас бапкерінің көмекшісі Анатолий Тимощук Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің Ресей Премьер лигасындағы "Рубинге" қарсы матчта көрсеткен ойыны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Тимощуктың айтуынша, Әліп күтпеген жағдайда алаңға шыққанымен, тамаша өнер көрсетіп, командаға үлкен көмек берді. Ойын "Зениттің” 4:0 есебімен жеңісімен аяқталды, ал Әліп 14-минутта бас жарақатына байланысты матчты жалғастыра алмаған Ниноның орнына алаңға шықты.
"Ниноның көру қабілеті нашарлап кетті, ол ойынды жалғастыруға тырысты, бірақ кейін алаңға отырып, ауыстыру қажеттігін айтты. Нұралы Әліп толық дайын болды, алаңға шығып, өз міндетін мінсіз орындады. Бұл өте қуантады, өйткені жігіттер түсінеді – біз тек алғашқы 11 ойыншымен ғана емес, бүкіл команда болып, бір отбасы секілді жұмыс істейміз. Тек осылай ғана жоғары нәтижеге жетуге болады – барлық ойыншылар, жаттықтырушылар штабы, клубтың барлық қызметкерлері бірлесіп жұмыс істеуі қажет", – деді Тимощук "Матч ТВ" арнасына берген сұхбатында.
Бұл отандасымыздың биылғы маусымдағы 14-ші матчы болды. Оның еншісінде 1 гол мен 1 нәтижелі пас бар.
Өнер Айболат
Біздің серіктес: FONBET