Жарнама
Жарнама

“Зенит” пен ЦСКА арасындағы кездесуде жеңімпаз анықталмады

Қос ұжым РПЛ 3-туры аясында қарсылас атанып, ұпай бөлісті.

Жарнама
Жарнама

Петерборда өткен ойынның есебін алаң қонақтары ашты. Бразилиялық “Брагантино” клубынан келген Алеррандро 33 минутта көзге түсті. Ал "Зенит" командасы бұл голға жауапты 77 минутта Соболевтың пенальтиі арқасында қайтарды. Қорытынды есеп: 1:1. Турнир фавориттері өз ара текетіресте жеңімпазды анықтай алмады. 

"Ахматқа" қарсы Ресей Кубогынде "Зенитті" капитандық таңбамен бастап шыққан Нұралы Әліп бұл ойынды қосалқы құрамнан тамашалады. Оның орнына көшбасшылық қызметті Дуглас Сантос өз мойнына алды. 

"Зенит" командасы келесі ойынын 9 тамыз күні Максим Самородов ойнайтын “Ахмат” ұжымымен өткізеді. Матч Астана уақытымен 22:30-ға жоспарланған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: