“Зенит” РПЛ кезекті турында “Сочиден” басым түсті

26.11.2023, 02:11


 Ресей біріншілігінің 16-турында “Сочиді” өз алаңында қонақ қылған “Зенит” қарсыласын 3:0 есебімен тізе бүктірді.

РПЛ, 16-тур 

Зенит 3:0 Сочи

Голдар: Родриго 45+2’, Исидор 58’, Мостовой 89’

 Пенальти соғылмады: Клаудиньо 53’

Отандасымыз Нұралы Әліп аталмыш ойында 82 минут өнер көрсетіп, қалған уақытта Ситорминнің төбе көрсетуіне мүмкіндік туғызды. 

Аталмыш кездесуде жеңіске жеткен петерборлық ұжым 33 ұпаймен турнирлік кестеде 1 орында келеді. Ал жеңіліс тапқан “Сочи” болса, небәрі 10 ұпаймен көш соңында тұрақтады.