«Сабахтың» германиялық шабуылшысы Джой-Ланс Миккельс ҚПЛ-ге келмейтін болды.
Бұл туралы «ASnews.kz» мәлімдеп отыр.
Айта кетейік, осыған дейін біраз БАҚ-та әзербайжандық клубтың шабуылшысы Джой-Ланс Миккельс Қазақстанға келуі мүмкін деген ақпарат тараған. Алайда, соңғы мәліметтер германиялық футболшының ондай жоспары жоғын растап отыр.
«Дәл қазір менімен ешкім байланысқа шыққан да жоқ. Шамасы бұл жай ғана фейк», - деді шабуылшының агенті Мерих Тюркер.
Джой-Ланс Миккельс Әзербайжан біріншілігінің осы маусымдағы ең нәтижелі шабуылшысы болып отыр. 31 жастағы футболшы 13 ойында 8 рет мергендік танытқан және 3 ассисттің авторы атанған. Германиялық шабуылшы әлеуетті лиганы таңдайтын ұқсайды. Джой-Ланс Миккельстің «Сабахпен» келісімшарты келесі жылдың маусымында аяқталады. Әзербайжанға дейін нидерландылық «Маастрихт», саудиялық «Аль-Фейсали» және германиялық «Шальке-04» екінші командасының намысын қорғаған.
Біздің серіктес: FONBET