Футболдан Әзербайжан құрамасы Венгрияда өтетін Албания (7 маусым) мен Қазақстанға (11 маусым) қарсы ойын алдындағы дайындық жұмыстарын бастамақ ниетте.
30 мамыр күні Ариф Асад баптайтын милли командасы құрамаға шақырту алған ойыншылармен дайындық жұмыстарын бастайды. Алайда жаттығуларды “Карабах” пен “Зире” клубтарының футболшылары өткізіп алады. Аталған ұжымдардың аяқдопшылары 2 маусым күні Әзербайжан Кубогынде бақ сынасады.
Сол себептен олар құрама қосынына кеш қосылады. Ал шетелдік клубтарда теуіп жүрген Рамиль Шейдаев, Ренат Дадашов, Махир Эмрели және Шахруддин Магомедалиев “милли” командасының жаттығуларына алғашқы күндерден бастап қатысады.
Айта кетейік, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы кездесу Мажарстанда, Сомбатхей қаласындағы “Халадаш” стадионында болады.
Біздің серіктес: FONBET