Өзбекстандық маман Қазақстан құрамасына сәттілік тіледі, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қазақстан чемпионатының екі дүркін сұрмергені, мәскеулік "Спартак", "Анжи", "Пахтакор", "Қайрат", "Алма-Ата", "Ақтөбе" клубтарының және Өзбекстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Жафар Ирисметов Prosports.kz порталына берген сұхбатында Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Әлем чемпионатындағы әлеуетіне қатысты өз пікірімен бөлісті.
Ирисметов Ұлттық құрамаға деген сенімін білдіріп, Қазақстандық жастардың өсуін ерекше атап өтті:
"Менің ойымша, Қазақстан бұл Әлем чемпионатында жоғалып кетпес еді. Негізінен, қазір бәрі футбол ойнайды, барлығы ойнауды үйреніп алған. Олар лайықты өнер көрсетер еді деп ойлаймын. Сіздерде де соңғы кездері мықты жігіттер, жақсы жастар өсіп келеді — мысалы, Сәтпаевты білемін. Іріктеу кезеңінің кейбір ойындарында да жаман көрінген жоқ. Сондықтан, олар өз орнын табар еді деп санаймын. Барлық командалар жақсы ойнап жүр ғой — міне, Кабо-Верде шықты. Қазақстандықтар да лайықты өнер көрсете алар еді деп ойлаймын."
Сөз соңында Өзбекстандық маман екі елдің бас командаларына ортақ тілегін жеткізді:
"Алдағы Әлем чемпионатына Қазақстан да шығады деп үміттенемін. Көршілерімізге жанкүйерміз. Сондықтан — Қазақстанға да сәттілік тілеймін. Келесі Әлем чемпионатында бірге ойнауға жазсын."
Біздің серіктес: FONBET