Самаралық "Крылья Советовтың" бұрынғы президенті Виктор Развеев клубтың бас бапкері Магомед Адиевтің төңірегіндегі соңғы оқиғаларға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Маусымның нағыз қызған шағында маманның команданы тастап, "Ақтөбемен” келіссөз жүргізу үшін Қазақстанға аттануы Ресей футбол қоғамдастығында үлкен түсініспеушілік тудыруда.
Развеевтің айтуынша, РПЛ-да элитада қалу үшін күресіп жатқан команданың бапкері мұндай қадамға бармауы керек еді.
"Ешкім ештеңені түсініп жатқан жоқ. Адиев — ересек адам, ал ол басқарып отырған команда қазір аман қалу үшін жан алысып, жан берісіп жатыр. Мен үшін бұл жағдай мүлдем түсініксіз.” — деді Развеев.
Виктор бұл жаңалықтың футболшыларға қалай әсер ететініне де тоқталды. Оның ойынша, бапкердің мұндай әрекеті клуб ішіндегі сенімге селкеу түсіреді.
"Ойыншылар бәрін көріп, оқып отыр ғой. Жағдай онсыз да қиын еді, енді мынадай хабар жетті. Бұған баға берудің өзі қиын. Адам алдымен өз келісімшартын аяғына дейін орындап, содан кейін ғана басқа келіссөздерді бастауы тиіс. Біздің уақытымызда солай болатын. Ал маусым ортасында бәрін тастап кету — ақылға сыймайды."
Развеев Самара клубы басшылығының бұл жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасамағанына да таңданысын жасырмады:
"Крылья Советов” басшылығының ешқандай түсініктеме бермеуі де қызық. Олар бұдан хабарсыз ба сонда? Бұл — клуб үшін де, жігіттер үшін де өте нашар жағдай.” – деді ол Championat.com сайтына берген сұхбатында.
Біздің серіктес: FONBET