Өмірде жетістікке жетіп елге әйгілі болғаннан кейін жинап-терген біліміңді артыңнан ерген жеткіншектерге үйретіп, жол сілтеп, үлгі болудан игі іс бар ма?! Есімі барша қазақ жанкүйеріне таныс болған Самат Смақов өзінің туған қаласы Семейде футбол мектебін ашып онда алғашқы мастер-класын өткізді. Мектеп оқушылары бұл күнді тағатсыздана күткен, өйткенді доп тебуді заманымыздың ең әйгілі футболшыларының бірінен үйрену әр баланың маңдайына жазыламаған бахыт.
«Жаңа жылдық демалысқа шыға сап ат басын туған қалама тіредім, келе сала бірінші ретте менің атымды алған футбол мектебіне тарттым. Шынымды айтсам, бұл мектептің ашылуын сонау «Елімай» ойыншысы болып жүргенде армандайтынмын. Өйткені, Қазақстанда футбол мектептері өте аз. Ең атақтысы Алматының «Цеснасы», одан өгесі еске түспейді. Мектеп ашқанымды естіген тамыр-таныстар жан-жақтан қоңырау шалып құттықтау тілектерін айттып жатыр», – деді Самат.
Смақов мектептің қызмет атқаруына тікелей қатысты екенін айтты. Мәселен, спорттық құрал-жабдықтар толықтай Саматтың мойнында. Ал спортзалмен қамтамасыз етіп отырған СМПИ (Семей мемлекеттік педагогикалық институты).
Бағдат Түсеев, СМПИ-дің дене тәрбие теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі: «Футбол мектебінің ашылуы – ең алдымен, тарихы тереңде жатқан Семей футболын сақтап қалуға көмектеседі. Бүгінгі күні жиналған алғашқы буын үлкен жетістіктерге жетеді деп ойлаймыз. Өйткені олар Андрей Орлов секілді спорт шеберінен тәлім алады. Болашақта осы жеткіншектер Семей өңірінің атын биікке шығарып, Қазақ футболының қарыштап дамуына үлесін тигізер деген ойдамын».
Балалардың алғашқы легі қабылданды. Бірінші топ 10 жасар балалардан құралған. Футбол мектебінде оқығысы келетіндер болса, мектеп есігі әрқашан да айқара ашық, оқу мүлдем тегін.
«Бұрынғы кезде достарыммен допты көшеде тебетінбіз. Ол кезде футбол мектебі деген тек қол жетпес арман болатын. «Шіркін, нағыз мамандардан дәріс алып, сауатты футболшы болсақ қой» деп жүретінбіз. Бір күні әкемнің досы мені осы мектепке жазды. Сонда, қуанғанымды көрсеңіз», – деп ағынан жарылды Вячеслав есімді оқушы.
«Қазақ футболының құрдымға кетіп бара жатқаны менің жанымды күйзелтеді. Әсіресе оның отаны болып есептелетін Семейдегі жағадай қабырғаны қайыстырады. Бірақ қала әкімі футболдың өлмеуі үшін бар жанын салып жатқанын көріп жүрмін. Үлкен командаға да қаржы бөлініп жатыр. Алайда, мына жүрген кішкентайларыңды тәрбиелеп алмасаң қалғаны бос әурешілік», – деп түсіндірді Самат Смақов.
Қазақстанның алты дүркін чемпионы болашақтағы жоспарларымен бөлісті. Самат алдағы уақытта 90-шы жылдары дүркіреген «Елімайдың» ескі құрамын қайта жинап, достастық кездесу ұйымдастырғысы келетінін айтты.
Семей өңірінде ұлы Абай, Шәкәрім мен Мұхтар Әуезов туып өсті. Ақтамберді, Ақтайлақ, Сабырбай, Әріп, Әсет секілді ақындар жыр нөсерін төкті. Кейін алаш азаматтары осы Семейде ту тікті. Семей қазақтың рухани астанасы. Семей қазағы – 500 ядро бомбысына көзді қарс жапқан халық. Біреулер рухани астана деп – Түркістанды айтып жүр. Бұл ұғымдарды шатастырғандық. Түркістан ұлттың имандылық орталығы. Ал рухты жандандыратын орта – Семей. Сондықтан жаңа ашылған мектеп Самат секілді көптеген рухты жігіттерді тәрбиелейтін қасиетті орда болады жегенге сенгіміз келеді.
Сонау XX ғасырдың басында Семейдің «Ярыш» деген командасында заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезов доп тепкен. Сондықтан «Елімайдың» алғаш чемпион болуы тегіннен тегін емес. Семейде дәстүр бар, спортқа деген махаббат бар. Былтырғы жылы, Семейдің «Спатртак» командасы бірінші лиганың алғашқы айналымын аш-жалаңаш жүріп бірінші орынмен бітірген. Ойыншылар 9-10 айдан жалақы алмаған. Бірақ команданы тастамаған. Үйдегі әйел-балашағасының асқазаны шұрылдап, зар еңіреп жатқанда да алаңға шығып күрескен. Қарсыласпен емес, өзімен өзі күрескен.
Футболды Семейдің халқы да сүйеді. «Спартак» ойыншылар ақшаның жоқтығынан чемпионаттың кезекті матчына шығудан бас тартпақшы болған. Сонда стадионда жиналған халық команда басшылығына лағнет айтып ойыншыларға ақшаны өздері жинаған. «Қалай?» дейсіз ғой. Кәдімгідей, «пакетпен». Стадионға келген әр көрермен ойыншылардың «наны» деп шамасы келгенінше, қалтасының мөлшеріне қарай ақшаны бір адам жинаған пакетке салған. Сонда киім ауыстыратын жерде отырған бейшара спортсмендердің халін кім түсінді? Адам спортсмен болса «спортсменмін» деп мақтанушы еді, бұлар сүмірейген түрлеріне сырттай қарап «спортсмен» болған күнін қарғағады. Кетейін десе – кете алмайды. Кәдуілгі қара жұмыс істейін десе, жұмысы осы. Мамандықтары – спортсмен. Футболды жандары сүйеді. Міне рухтың қайнар ошағы! Ал әлгі премьер лигада миллиондаған теңге үшін ирелелеңдейтіндер арасындағы біреуінің бойында ұлттық намыс деген түсінік бар-ау дегенге ішім иланбайды.
Олжас НҰРАЗХАН
Біздің серіктес: FONBET