Жарнама
Жарнама

Жамбыл футболының түлегі туған клубымен келісімшартқа отырды

Бүгін, 17:32

Ұлан Қонысбаев "Таразға" оралды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Қазақстан футболының жарық жұлдыздарының бірі, кезінде Ұлттық құраманың белді ойыншысы болған Ұлан Қонысбаев ресми түрде "Тараз” клубының сапына қосылды. Айта кетерлігі, ол бұған дейін аталмыш клубта спорттық директор қызметін атқарып келген болатын. Енді тәжірибелі маман клубтың дамуына жаңа қырынан үлес қоспақ.

Ұлан Қонысбаевтың кәсіби мансабы 2006 жылы дәл осы Жамбыл жерінде, "Жамбыл” футбол клубында басталған еді. Содан бері ол еліміздің ең үздік ұжымдарында өнер көрсетіп, қазақ футболының тарихында өзіндік қолтаңбасын қалдырды.

"Шахтер” : 2011 жылғы маусымда Қарағандылық ұжыммен бірге ел чемпионы атанып, 2014 жылдың соңына дейін команданың көшбасшысы болды.

"Астана” : Елордалық клубпен бірге бірнеше мәрте кубоктар мен суперкубоктарды басына көтерді.

"Атырау” : 2016 жылы мұнайлы өлке ұжымының сапында бақ сынады.

Қонысбаев — Қазақстандық футболшылар арасындағы ең титулды ойыншылардың бірі. 

2011 жылы ол Қазақстанның ең үздік футболшысы атағын иеленген болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров