Жарнама
Жарнама

Жамбыл Көкеев мансабын Екінші лигада жалғастыруы мүмкін

21.04.2021, 18:27
Жамбыл дәл қазіргі сәтте клубсыз жүр.
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "SD Family" клубы тәжірибелі футболшы Жамбыл Көкеевке ұсыныс тастады. 32 жастағы жартылай қорғаушы қазір еркін агент болып табылады. Бұған дейін ол "Тараз" командасында қаралымнан өте алмаған еді.

"SD Family" Көкеевті команда жетекшісі бола алады және жас ойыншыларды басқарып, оларға ақыл-кеңесін бере алады деп санайды.

Естеріңізде болса, елордалық клуб бір ай бұрын Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Бауыржан Джолчиевке ұсыныс жасаған болатын, бірақ ол команда орналасқан жерге келмеді. Айта кетейік, жақын арада "SD Familу" командасына жаңа бас бапкер Олег Сабиров қосылады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров