«Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Жамбыл Көкеев Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында осы маусымдағы мақсаттары мен өзінің футбол мансабына, жеке өміріне және Ұлан Қонысбаевқа тоқталды.
- Жамбыл, сіз "Ақтөбе" үшін маусымның басталуын қалай бағалай аласыз?
- Шынымды айтсам, бастамасы біз үшін сәтсіз болды. Бірінші ойынды тең аяқтадық. Жеңіске жетуден бастаған жөн болар еді. Бірақ бәрі жақсы. Жақында бәрі өз орнына келеді. Біз бірінші орынға лайық екенімізді дәлелдеуіміз керек.
- "Ақтөбе" бірінші лигадан Премьер-лигаға орала ала ма?
- Осы маусымда біздің алдымызда бір ғана мақсат тұр - Премьер-лигаға шығу. Басқа тапсырмалар жоқ.
- Сіз Премьер-лигаға жолдама алу үшін басты қарсыластарыңыз ретінде кімді санайсыз?
- Біздің топта «Қыран», «Арыс» жақсы ойнайды. Ал екінші топта - «Атырау».
- Екі жыл бұрын «Ордабасыдан» сізге ұсыныс түсті деген қауесет тарады. Неліктен трансфер жүзеге аспады?
- Барлығы әңгімелесу деңгейінде қалды. Нақты ұсыныстар болған жоқ.
- Маусымның басталуы алты айға кешіктірілді. Сіз осы уақыт ішінде, яғни карантин кезінде не істедіңіз?
- Біз жұмыс істедік. Барлық команда Ақтөбедегі базада болды. Карантиндік режим қатаң сақталды.
- Бұл жоспарланбаған демалыс "Ақтөбе" үшін тиімді болды деп ойлайсыз ба?
- Менің ойымша, бұл демалыс ешкімге пайда әкелген жоқ. Карантин көптеген адамдардың жоспарларын бұзды. Маусымның соңында "Ақтөбе" үшін үзіліс жақсы болды ма, жоқ па, соны көретін боламыз.
- 2008 жылы сіз Уэмблиде Англия қақпасына гол соқтыңыз. 12 жылдан кейін бірінші лигада ойнап жүрсіз. Сіздің футбол мансабыңыздың қалыптасу жолына көңіліңіз тола ма?
- Әрине жоқ. Бірақ мен бұған шағымданбаймын. Солай болды, мен кейде тез ойнай бастадым, бірақ кейде үлгере алмадым. Мен жарақатыма байланысты тағы бір жарым жылды жіберіп алдым. Осыдан кейін футболға оралу оңай емес. Жаңадан бастау қиын. Менің аяғымда әлі де болса темір бұрандалар бар.
Мен аңыз немесе супер ойыншымын деп айтпай-ақ қояйын. Бірақ, кем дегенде, басқа ойыншылармен салыстырғанда мен көптеген титулдарды жеңіп алдым, көптеген матчтар өткіздім. Ештеңе әлі аяқталған жоқ. Мен жұмыс жасай беремін, одан да көп ойнауды жоспарлап отырмын. Менің ендігі мақсатым - "Ақтөбеге" Премьер-лигаға шығуға көмектесу. Содан кейін мен осы командада қалуды жоспарлап отырмын. Бұл менің "Ақтөбедегі" үшінші жылым. Барлығы маған сәйкес келеді. Бізге сеніп, қолдау көрсеткені үшін клуб пен облыс басшылығына рахмет! Бұл клуб менің жанұям секілді.
- Неліктен Еуропалық клубтарға бара алмадыңыз немесе КПЛ-дың ең мықты клубтарына ауыса алмадыңыз?
- Менде еуропалық клубтардан ұсыныстар болды, бірақ сол кезде қазақстандық командамен келісімшартым болды, сондықтан кете алмадым.
- Премьер-лига мен Бірінші лига арасындағы үш негізгі айырмашылық қандай?
- Біріншіден, шеберлік, сонымен қатар ойынның жылдамдығы мен деңгейі.
- Көптеген қыздарды мазалайтын сұрақ: сіз үйлендіңіз бе?
- Жоқ.
- Қызың бар ма?
- Жоқ.
- Сізге қандай қыздар ұнайды?
- Қиын сұрақ. Маған көңілді, адал, әдемі қыздар ұнайды. Бірақ әдемі дейтіндей модель қыз іздемеймін.
- Сіз досыңыз Ұлан Қонысбаевпен байланыстасыз ба? Ол қазір қайда?
- Ия, біз күн сайын хабарласып тұрамыз. Ол Нұр-Сұлтандағы үйінде. Шекаралардың ашылуын күтуде. Содан кейін ол Барселонаға ем алу үшін барады. Құдай қаласа, бәрі жақсы болады. Бәріміз алаңдаулымыз.
- Қазақстандық жас футболшылардың қайсысын ерекше атай аласыз?
- Қазір «Ақтөбеде» Максим Самородов, Владислав Прокопенко, Алишер Ажимов ойнайды. Олар жақсы көрінеді. Менің ойымша, олар кәсіби футбол ойнай алады. Әлі басқа командалардан жақсы ойыншыларды байқамадым.
- Жас футболшыларға қандай кеңес бере аласыз?
- Көп жұмыс істеңіз, көп еңбектеніңіз. Жаттығудан кейін әрқашан қалыңыз, немесе керісінше, бәрінен бұрын келіңіз. Маған бұл туралы жиі айтатын. Алайда мен мұны жасамадым. Бірақ бәрібір жақсы деңгейде ойнадым. Қазір ең алдымен өзімізбен жұмыс істеу керек деп ойлаймын.
Біздің серіктес: FONBET