Жарнама
Жарнама

Жамбыл облыстық Футбол Федерациясының Атқарушы комитетінің отырысы болып өтті

18.11.2011, 17:42
Жарнама
Жарнама
ҚФФ Вице-президенті Сейілда Байшақов 2011 – 15 жж. облыстық футболды дамыту бағдарламасын бекіткен Жамбыл облыстық Футбол Федерациясы Атқарушы комитетінің отырысына қатынасты. Жамбыл облыстық Футбол Федерациясының вице-президенті К. Ч. Сәрсеков мүмкіндіктер деңгейінен қарастырылып, бекітілген бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері жөнінде толықтай баяндап өтті. Балалар-жасөспірімдер және жалпы көпшілік футболының дамуына көңіл бөлінген, ҚФФ техникалық орталығында «А», «В» категориялы бапкерлік мамандарды дайындауға байланысты сұрақтар көтерілген. Сөз алғандардың ішінен ҚФФ вице-президенті Сейлда Байшақов пен ҚР МТС мемлекеттік спорт комитетінің бапкері Болат Жуасбаев бағдарлама мазмұнына қарсы болмай, дауысқа салуды ұсынды. Атқарушы комитет көпшілік мүшелерінің дауысымен бағдарлама қабылданды. Сондай-ақ, Байшақов бағдарламаға есепшінің штаттық бірлігі мен облыстық федерацияға хатшыны ай сайынғы еңбек ақымен енгізуді ұсынды. Соңғы 2 жылда Жамбыл облысында 17 мини-футболдық алаң мен 1 синтетикалық әрмаусымдық жабындылы футбол алаңы жасақталған (Нидерланды).
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров