Еуро-2013 турнирінің іріктеу сыны аясында Қазақстан жастар құрамасы өз алаңында Румыния және Словакия жастарын қабылдайды. 2-6 қыркүйек күндері өтетін кездесуге құрама қатарына «Тараз» футбол клубының қос ойыншысы да шақырту алып отыр.
Олар – Бауыржан Исламхан мен Азат Битабаров. Ал ұлттық құрама дәл сол күндері сырт алаңда Түркия және Әзербайжан құрамаларымен Еуро-2012 додасының іріктеу ойындарын өткізеді. Онда да жамбылдық өрендер өнер көрсетпек. Атап айтар болсақ, бірі Шахтер» сапында жүрген Ұлан Қонысбаев болса, екіншісі Нұртас Кургулин. Ол құрамадағы ойынын тәмамдаған Самат Смақовтың орнын баспақ. Сондай-ақ, соңғы сәтте бас құраманың негізгі жартылай қорғаушысы, ресейлік «Жемчужина» клубының белді ойыншысы Қазбек Гетериев кезекті жаттығулар кезінде алған жарақатына байланысты қатардан шығып қалды. Сол себепті оның орнына тағы бір тараздық футболшы Дмитрий Евстигнеевті шақыртып отыр. Қазіргі күні Дима бас құрмамен бірге Түркияға аттанып кетті.
http://kultobe.kz/?p=842