Жарнама
Жарнама

Жан-Али Пайруз Семейлік клубпен жаңа келісімшартқа қол қойды

03.12.2025, 10:45

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Жан-Али Пайруз ресми түрде "Елімай" клубымен жаңа келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Қарағанды тумасы 26 жастағы Пайруз өткен маусымда ҚПЛ-де 25 матчқа қатысып, бір гол соққан.

“Елімай” “Астана” түлегінің кәсіби мансабындағы 4-ші командасы. Бұған дейін ол “Шахтёр”, “Мақтаарал”, “Каспий” клубтарында доп тепкен.

Қазақстанның 17,19,21 жасқа дейінгі командаларында ойнаған ол 2024-ші жылы алғаш рет Ұлттық құрамаға шақырту алған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров