Кеше футболдан Қазақстанның жастар құрамасы жаңа жаттықтырушының басқаруымен болған алғашқы оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Айта кетейік, бұл жиын небәрі екі-ақ күнге созылған болатын.
Жаңа жаттықтырушы Слобадан Крчмаревич жас футболшыларды Талғар қаласындағы ұлттық құрамамыздың базасына жинады. Серб маманы бұл жолы 28 футболшымен таныс болды. Естеріңізге сала кетейік, маусымның 6-сы күні Крчмаревич бастаған жастар құрамамыз 2013 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу ойындарының аясында Румыния құрамасын қабылдайды.
Оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылар:
Қақпашы: Самат Отарбаев («Тарлан»), Нұрболат Қалменов («Атырау»), Андрей Герфорт («Тобыл»).
Қорғаушылар: Евгений Горячий («Қайрат»), Дмитрий Шомко, Дамир Дәуітов, Заурбек Плиев (бәрі де – «Локомотив»), Абзал Ешманов, Бақдаулет Қожабаев (екеуі де – «Ордабасы»), Елдос Ахметов («Ертіс»), Владимир Седельников, Михаил Габышев (екеуі де – «Восток»), Евгений Азаматов («Ақтөбе»).
Жартылай қорғаушылар: Григорий Дубков («Шахтер»), Саят Сариев («Жетісу»), Бауыржан Исламхан, Бауыржан Байтана (екеуі де – «Тараз»), Нұрсайын Жолдасов, Рахымжан Розыбакиев (екеуі де – «Қайрат»), Әлібек Аяғанов («Ертіс»), Асхат Тағыберген («Қайсар»).
Шабуылшылар: Бауыржан Жолшиев («Атырау»), Денис Прокопенко («Локомотив»), Абзал Бейсебеков, Станислав Лунин (екеуі де – «Восток»), Сергей Хижниченко («Шахтер»), Сергей Лисенков («Ақтөбе»), Алексей Щеткин («Жетісу»).