"Ақтөбе" Қазақстан Премьер-лигасының алтыншы туры аясында "Шахтер" клубын қабылдады. Матч Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы стадионда өтіп, 3:0 есебімен қарағандылық клубтың пайдасына аяқталды.
Магомед Адиевтің басшылығымен "Шахтер" алғашқы матчтың өзінде-ақ керемет нәтижеге қол жеткізді. Ойынның небәрі 5-минутында есеп ашқан Арсен Хубулов 23-минутта Ескендір Қыбырайдың пасынан кейін дубль авторы атанды. Ал ойындағы соңғы голды 74-минутта Айдос Тәттібаев соқты.
Маусымдағы екінші жеңісіне қол жеткізген "Шахтер" турнирлік кестеде он бірінші орынға көтерілді (3 ұпай). "Ақтөбе" 9 ұпаймен алтыншы орынға жайғасты.
Біздің серіктес: FONBET