Қартаймайтын Модрич жақын арада «Милан» ойыншысы атанады. Тіпті, жаңа клубтағы нөміріне дейін белгілі болыпты.
Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Лука Модрич 14 шілде күні миландықтармен келісімшартқа қол қойып, жаңа ойыншысы ретінде таныстырылады. Бұл туралы журналист Джанлука Ди Марцио хабарлады.
Ақпарат көзінше дүйсенбі күні, яғни, 14 шілдеде 39-жастағы хорват футболшысы 14-нөмірлі жейдемен дүйім жұртқа таныстырылады.
Біздің серіктес: FONBET