24 желтоқсан күні ҚФФ кезекті жиналысын өткізді. Жаңа маусымның жоспарын құру үшін. Футболдың маңында жүрген шенділер біраз мәселенің басын қайырып, «Қайраттың» тағдырын шешті. Сондай-ақ 2012 жылғы ҚЧ жаңа ережесін қабылдады
Келер маусымдағы біріншілік өзгеше өтеді. Футбол одағының басшылары мен мүшелерінің шешімі бойынша, ел біріншілігінде 12 команда емес,
14 команда бақ сынайды.
Бұл – бір. Екіншіден, бірінші лигаға сырғыған «Қайратқа» кешірім жасалды. Демек, Алматы келер жылғы футбол тойынан тыс қалмайды. Бұған қоса, оралдық
«Ақжайық» командасы да ел чемпионатында бақ сынайды.
Үшіншіден, Премьер лига
11 наурыз күні басталады. Оның алдында, яғни 6 наурыз күні «Шахтер» мен «Ордабасы» Суперкубокты сарапқа салады. Ал бірінші лига 1 сәуірде шымылдығын түреді. Бұған қоса, командалар өткен біріншіліктегідей екі топқа бөлінбейді. Тұтас
екі айналым арқылы чемпионды анықтайды.
Төртіншіден, командадағы легионерлер саны 5-тен 7-ге арттырылды. Команда бір ойынға бес шеттен келген ойыншыны қоса алады. Легионерлер лимиті бірінші лигада 2-ден 3-ке, әйелдер арасындағы біріншілікте 3-тен 5-ке көбейді.
Қазақстан Премьер лигасының жаңа маусымына қатысар командалар
«ШАХТЕР» (Қарағанды)
«ЖЕТІСУ» (Талдықорған)
«АҚТӨБЕ»
«АСТАНА» «ЕРТІС» (Павлодар)
«ОРДАБАСЫ» (Шымкент)
«ТОБЫЛ» (Қостанай)
«ҚАЙСАР» (Қызылорда)
«ТАРАЗ» «АТЫРАУ»
«СҰҢҚАР» (Қаскелен)
«ОҚЖЕТПЕС» (Көкшетау)
«ҚАЙРАТ» (Алматы)
«АҚЖАЙЫҚ» (Орал)