«Тобол» Александр Петуховпен жаңа келісім-шартқа кол қойды.
Соңғы жылдарда Александр тұрақты түрде Қазақстанның ең сенімді қақпашыларының бірі болатын. Былтырғы жылы алған жарақатына және өзі-өзіне келу кезеңі ұзаққа созылуына байланысты «Тоболдың» 35 номері маусымның көп ойынына қатыса алмады. Кәзіргі кезде Петухов жалпы топта жаттығуды бастады, жанкүйерлер мен бапкерлік штабы Қазақстан чемпионының алаңға оралып, ресми матчтарда қатысуын асыға күтуде.
Ертеректе атқандай, біздің клуб 3-ші қақпашыны қарастыруда. Ярослав Багинскиймен еңбек шартқа қол қойылған. Кәзіргі кезде қазақстанның белгілі және тәжірибелі қақпашыларының бірі командамен бірге Түркияда қараудан өтіп жатыр, онымен келісім-шартқа қол қою да алыс емес.
Роман Дуплякин «Тоболдың» жаңа ойыншысы болып, ресми түрде аталды. 24 жастағы «Ақ бұлақтың», «Иле-Саулеттің» және «Мегаспорттың» экс-ойыншысы қорғауда ғана емес, алаң ортасында да ойнауға қабілетті.
Естеріңізге сала кетейік, ертең (13 ақпанда) қостанай клубы «Раднички» сербия командасына қарсы соңғы спаррингін өткізеді.
«Тобол» ФК баспасөз қызметі