26 жастағы нигериялық қорғаушы Стивен Эзе қостанайлық «Тобылдан» кетті.
Келісім тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды. Нигериялық командаға осы жылдың қаңтарында қосылды. Ол Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында бірнеше ойын ойнады, бірақ ол жерде қорғаушы жарақат алып, бірнеше айға ойыннан шеттетілген болатын.
Мамыр айының соңында Эзе жалпы топта жаттығуды бастады, бірақ Қостанайлық клуб үшін бірде-бір ресми матч өткізбеді.
Біздің серіктес: FONBET