Енді мемлекет қазынасынан қазақстандық футболшыларға тек 2 млн теңгеге дейінгі көлемдегі айлық төленетін болды.
Одан асатын соманы демеушілер есебінен төлеу міндеттелген. Сондай-ақ, 16-маусымда қабылданған заң жобасына сәйкес, легионерлердің жалақысына байланысты да өзгерістер бар. Заң қабылданғанға дейін келісімшартқа отырып үлгерген шетелдік футболшыларға осы жылдың соңына дейін жергілікті бюджет есебінен жалақы төлеуге рұқсат етіледі. Ал 16-маусымнан кейін келісімшартқа қол қойған легионерлердің айлығын тек қана демеушілердің қаражатынан төлеу міндеттеледі.
Біздің серіктес: FONBET