Жарнама
Жарнама

"Жаңаөзен" командасы құрыла ма?

23.11.2012, 08:35
Жарнама
Жарнама

Футбол төңірегінде жүрген алып-қашпа әңгімелерге сенер болсақ, жақын арада "Жаңаөзен" деген қала аттас команда құрылуы мүмкін екен. Келер маусымды бұл команда бірінші лигада өткізіп, алдағы мақсатты премьер-лигаға шығу деп қоймақ дейді. Бейресми ақпарат көздеріне сенетін болсақ жергілікті мұнай компаниясы осы мәселені жақсылап қолға алып, демеушілік танытпақ.

Бұл идеяға Қазақстан билігі де өте жақсы көзқараста секілді. Өйткені, өткен жылғы көтерілістен соң, бұл қаланың тыныс-тіршілігі жіті назарда болмақ. Жергілікті жастарды спортқа, салауатты өмір салтына тарту мақсатында ірі футбол клубын құру өте пайдалы дүние болмақ. Айта кетерлігі, егер клуб құрылытан болса Жаңаөзенде жақында ғана бой көтерген стадион команда ойындарын өткізуге толықтай дайын.

Осыдан бірнеше жыл бұрын УЕФА делегаттары Алматыға келген кезде Қазақстан футболының Еуропаға жақын аймақтардағы қалаларында жақсылап дамығандығын қадағалауды өтінген болатын. Сондықтан да, футболы ақсап жатқан аймақты аладоппен айналыстыру ақылға қонымды нәрсе.

Маңғыстау облысында "Каспий" деген команда бар екендігін де ұмытпауымыз қажет. Бірақ, бұл команда да соңғы жылдардың көлемінде бірінші лигадан ары көтеріле алмай жүр. Егер екі ұжымды ортақтастырып, бір команда жасалынса да жаман болмас еді, әрине. Дегенмен, әр қаланың өзінің клубы болғаны жөн.

Егер, "Жаңаөзен" командасы құрылатын болса, жақын маңдағы Түркменістаннан легионерлер ағылып келуі ықтимал. Мысалы Өзбекстан мен Түркменістанның Жаңаөзенге жақын аймақтарындағы клубтарда қазақ ұлтты аяқдопшылардың біршама баршылығын білеміз. Оларда азаматтық алып, елімізге оралуына жақсы мүмкіндіктер қалыптасар еді. Талай талантты түркмен ойыншылары да елімізде өнер көрсеткен болатын. Демек, аталған команда құрылар болса, ісі өрге шығып, жақсы дамып кетуі ғажап емес.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров