Жарнама
Жарнама

Жаңартылған лиганың жұмысы қарқынды ма?

Қазақстан футбол лигасы көрерменге атқарған жұмыстары жайлы есеп берді. 

Жарнама
Жарнама

Жаңа форматқа көшкен ішкі біріншілікте қандай өзгерістер орын алды:

  1. Стадиондағы бейнекамералардың саны ұлғайтылды.
  2. Ойын сәттерін әр түрлі ракурстан түсіру жұмыстары қамтылды.
  3. Тікелей эфирдегі графикалық пакет өңделді.
  4. Ойын барысында қызықты статистикаларды қамтитын сайт іске қосылды.
  5. Жоғары сапалы LIVE режимде 60-қа жуық отандық маман стадиондарда күнделікті өз қызметтерін жасауда.

5 пункт бойынша жұмысын пысықтаған футбол лигасының қызметкерлері өткен жылмен салыстырғанда ішкі біріншіліктердегі ойындардың көрсетілім сапасы мен ұйымдастыру деңгейі едәуір жоғарылаған дейді. Ал бұл пікірге Премьер-лиганың жанкүйерлері келіспейді. Олар жаңартылған ішкі біріншіліктегі ойындардың көрсетілім сапасына көңілдері толмайтынын жеткізді. Онымен қоса, стадиондарға толтырып камера қойғанның өзінде тікелей эфир барысында ақаулар орын алып жатқанын жасырмады. Ең бастысы барлық жанкүйерлер матчтардың трансляциясын неліктен ютуб платформасынан алып тастағанына аң-таң. 

Айта кететіні, “Астана” мен “Жеңіс” арасындағы ойында VAR қондырғысы мүлдем жұмыс жасамаған. 90 минут бойы төрешілер даулы сәттерді қайта тамашалай алмаған. Соның нәтижесінде көп сәттерде төрешілер өздерінің біліктілігіне сеніп, шешім қабылдауға мәжбүр болды. 

Еске салсақ, аталған ойында Бабаян шәкірттері ішкі біріншілік дебютантын 2:0 есебімен тізе бүктірді. 

Еліміздің чемпионатының деңгейін асқақтатам деп келген ресейлік қызметкерлердің аталған сындарға қарамастан, өз жұмыстарының жүйелі екенін айтып жеткізуі орынды ма? Біз жөн-жосықсыз сынаудан аулақпыз. Алайда халық айтса, қалып айтпады деген мақалға сәйкес, көрермендерден ештеңе жасыру мүмкін емес. Олар басты сыншы.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: