Петропавлда жаңбырдан кейін «Қарасай» стадионын су басып, алаң жарамсыз күйге түсті.
Айта кетейік, мұнда сенбі күні ҚПЛ 21-тур ойыны өткен – 16-тамызда «Қызылжар» – «Жеңіс» матчы болған. «Қарасай» стадионының реконструкциясы 2025-жылдың мамырында аяқталды. Қайта жөндеу жұмыстарына мем бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінгенін айта кетейік. Реконструкция кезінде «Қызылжар» өз ойындарын Қостанайда өткізуге мәжбүр болған еді. Жобаны ұсынғандар алаң УЕФА стандарттарына сай әрі Еурокубок ойындарын қабылдауға дайын деген. Алайда, соңғы жағдайлардан кейін стадионның сапасына күмән туып отыр.
Біздің серіктес: FONBET