Трибуналардың қаншалықты бос екенін мына суреттен байқаған да боларсыздар.
Жуырда тағы бір тартысты матчтың бірі Аргентина - Колумбия текетіресі де стадионда лық толған жанкүйер жинамады. Алайда, көрсеткіші жаман емес, 50 мың адамдық кешенге 35 мың билет сатылған. Осы ретте жанкүйерлер дода қызған сайын енді-енді стадионға ағыла бастай ма деген үміт болған-ды. Бірақ Венесуэла мен Перу арасындағы ойынға бар болғаны 11 мың ғана адам келіпті. Ал "Порту-Алегри" спорт кешенінің сыйымдылығы - 60 000 адам. Яғни, стадионның алтыдан бір бөлігі ғана толған.
Енді неге Латын Америкасының басты бәсекесіне жанкүйерлер қызығушылық танытпады деген сауалға келсек, бұл тұста турнир ұйымдастырушыларының жарнама жасауда кемшін түскенін айтпай кетуге болмайды. Оның үстіне билетке деген қымбат баға да қарапайым халықтың қалтасын қағатыны белгілі.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET