Жарнама
Жарнама

Жанкүйерлер Алматыдағы Чемпиондар лигасының кезекті матчына бойкот жариялауда

14.10.2025, 13:20

Қазақстандық футбол жанкүйерлері Алматыда өтетін Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің үшінші турындағы “Қайрат” пен Кипрлік “Пафос” арасындағы кездесудің билет бағасына наразылық білдіріп, матчқа бармауға үндеп жатыр.

Жарнама
Жарнама

Goalkz_official мәліметінше, билет сату басталғаннан кейін екі сағат өтсе де, бар болғаны 5 пайыз ғана билет сатылған.

“Реалға” қарсы өткен ойында барлық билет 30 минут ішінде сатылып кеткен болса, “Пафосқа” қарсы матчқа сұраныс өте төмен. Көпшілік мұның басты себебі — асыра қымбат билет бағасыекенін айтуда.

“Жақсы орындарға билет құны 150 мың теңгеден басталады, ал қақпа артындағы секторларға 30 мың теңгеге билет сатылады. Бірақ ондай бағаға барғысы келмейтіндер көп. Бұл түсінікті де, 30 мың теңгені үнемдеп, үйде жылы жерде, барлық қайталаулармен бірге теледидардан көруге болады. Ал стадионда болсаң, жүгіріс жолдарының ар жағынан қарап отырасың.” — делінген әлеуметтік желідегі бір жазбада.

Көптеген жанкүйерлер билет саясатын сынға алып, клуб басшылығынан бағаны қайта қарауды талап етуде. Олардың пікірінше, мұндай қаржы саясаты футболдың халықтық сипатына қайшы, әрі команданы қолдауға ниетті қарапайым жанкүйерлерді стадионнан алыстатып отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров