Жарнама
Жарнама

Жанкүйерлер Андрей Ферапонтовтың «Оқжетпестен» кеткеніне күмәнмен қарайды

13.07.2025, 14:25

3 шілде күні Қазақстан Премьер-лигасының басты сенсациялық клубқа айналған ұжымның бас бапкері Андрей Ферапонтовтың отбасылық жағдайына байланысты қызметтен кеткені жайлы ақпарат тарады.

Жарнама
Жарнама

Әйтсе де команданың жанкүйерлері бұл шешімге күмәнмен қарап отыр. Олардың пікірінше жергілікті маманның мерзімінен бұрын орнын босатуына өзге жағдай әсер еткен. Неге жанкүйерлер наразы?

Біріншіден, Андрей Ферапонтов 2023 жылдың тамызынан бастап, бас бапкер қызметіне кірісіп, 2024 жылы Бірінші лигада чемпион атанды. Қазақстан жоғары дивизионына оралып қана қоймай, Алияр Мұхамед, Дәурен Жұмат сынды футболшылардың ұлттық құрамаға шақырылуына әсер етті. Құрамының көпшілігі отандық ойыншылардан жасақталғанымен, бірінші айналымды 6-орынмен аяқтады.

Екіншіден, 3 шілдеде клубтан тек бас бапкер ғана емес, оның көмекшісі мен дене дайындығы бойынша жаттықтырушысы да келісім-шартын үзді. Жанкүйерлер бұл мамандардың жұмысты жалғастыруына мүмкіндік бермейді деп санайды.

Үшіншіден, жаңа бас бапкер Қайрат Нұрдәулетов небәрі 1 күннен кейін ғана тағайындалды. Маманның бірден табыла кетуі де Андрей Ферапонтовтың бұған дейін де кетуін мүмкін екендігін аңғартады.

Ферапонтовтың күтпеген отставкасы жанкүйерлер арасында қызу талқылануда. Клуб бұл жағдайға қатысты қосымша түсініктеме берген жоқ. Жағдай одан әрі қалай өрбімек?

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: