Жанкүйерлер Криштиану Роналдудың басын жара жаздады

16.03.2024, 10:27

Кеше Сауд Арабиясының чемпионатында "Әл-Ахли" мен "Әл-Наср" кездесті. Бұл өте маңызды матч болатын.

Себебі, командалар екінші-үшінші орындарда орналасып, формально чемпиондықтан үміткер саналады. Ойынның бірінші таймында Криштиану Роналду гол салып, қонақтарды алға шығарған. Алайда, бейнеқайталаудан кейін нәтижелі соққыны есепке алмай тастады. "Әл-Ахлидің" де бір голы есептелген жоқ. Бұл бәсекедегі жалғыз голды "Әл-Насрдың" капитаны пенальтиден соғып, командасына жеңіс сыйлады. Криштиану Роналду үшін сәтті матч болды. Алайда, қарсылас команда жанкүйерлерінің бірі лақтырған бөтелке "Әл-Наср" футболшысы Отавионың басына тиіп кеткен болатын. 
Айта кетейік, Роналдудың клубы Про- Лигада 24 турдан кейін екінші сатыға жайғасқан. Бірінші орындағы "Әл-Хиләлден" 9 ұпайы кем.