Жарнама
Жарнама

Жанкүйерлерге жақпады

Килиан Мбаппе не бүлдіріп жүр?

Жарнама
Жарнама

ТҰМШАЛАНҒАН МБАППЕ

Осы маусымда «Реал Мадридке» ауысқан Килиан Мбаппе кішігірім жарақатына байланысты құрамаға шақырту алмаған еді. Жарақатынан толық айықпағаны үшін Мадридте қалып, емделу керек деп шешім қабылданған. Дегенмен, жастық жалын бір орында тұрақтап қалмас. Күні кеше ол құраманы қолдаудың орнына көше кезіп, клуб жағалап кетіпті. Бұны естіген жанкүйерлер тарпа бас салып, жерден алып, жерге салуда. “Осындай капитан бола ма?” деп пікір қалдырғандар болды. Капитан бола тұра, құраманы қолдаудың орнына, Швециядағы түнгі клубтарды жағалап кеткен деседі. 

ОСЫЛАЙ БОЛА МА?

Мбаппенің бұл еркелігі «ПСЖ» клубынан қалған ескі әдет деп пайымдауда. Францияда жүріп, “әй дейтін әже, қой дейтін қожасы жоқ”, тым еркінсіп кеткен. Мадридтік «Реалдың» темірдей тәртібіне үйренісе алса игі. “Тәртіпке бағынған, құл болмайды” демей ме? Оны алда көрерміз. Енді мына қызықты қараңыз. Осындай бір болмашы дүниелер үшін Мбаппенің құрамадағы абыройына нұқсан келеді. Осы тұста, кезінде Бенземаның құрамадан қуылуына әсер еткен Вальбуэна пікір қалдырыпты. “Мбаппенің қазір мақсаты Франция емес, «Реал Мадрид» депті. Кезінде Бенземадан да осылай жүріп құтылған. Енді сол маман тіпті құтырған. Мбаппеге кесірі тиіп кетпесе болғаны. Бұл жағдай туралы сіз не ойлайсыз?

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Алдыңғы жаңалық
Он оңынан болсын