«Жанкүйер - бұл 12-ші ойыншы», «Жанкүйерсіз клуб - ормансыз бұлбұл» деген секілді мақалдап тұрып айтатын бұл қозғалыс мәдениеті еліміздің футболын қызықты етуге үлесін қосып жатқанына 20 жылдай уақыт болып қалды. Алайда, жанкүйерлер тобы мен тәртіп сақшылары, клуб басшылығының текетіресі әлі де тоқтамауда. Осы себепті биылғы отандық футболда осымен екінші клуб қолдаусыз қалуы мүмкін.
Осыған дейін барша жанкүйерлерге мәлім болған «Алатау фанс» және алматылық «Қайраттың» бас-директоры Асқар Есімовтың дауы әлі де тоқтайтын түрі жоқ. Есімовтың «Жанкүйерсіз де ойнай аламыз» деген сөзінен кейін ультрас мүшелері бойкоттарын әлі де жалғастыруда.
Ал, шымкенттік жанкүйерлердің наразылығы клуб басшылығына емес, тәртіп сақшыларына арналды. Себебі: осыдан бір апта бұрын УЕФА Конференция лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде «Ордабасы» қонаққа Кутаиси қаласына аттанды. Сол ойыннан бір күн бұрын жергілікті жанкүйерлер шымкенттік футболшылар тоқтаған қонақ үй алдында жиналып, маза бермеген. Көптеген қазақ футболының жанашырлары бүгінгі ойын алдында қарсылас командаға дәл солай кек қайтаруды шешті. Осыған орай, түнгі 2 мен таңғы сағат 5-ке дейін «Техас» жігіттері пиротехникалық отшашулар атып, қонақтарға маза бермеген көрінеді.
Ал, бүгін ойынның басталуына 3 сағат қалғанда «Техасфанс» өздерінің Instagram-парақшаларының сторисіне жазба қалдырды.
Жазбада:
- 17.07.2025. "Ордабасы" жанкүйерлері полиция өкілдерінің көмегімен ұсталып, отшашу жаққандарымыз үшін айыппұлды кеше төлегенімізге қарамастан әлі деРОВД күшпен қамалуда. Егер, осылай жалғаса берсе, «Ордабасы» стадионда «Texas Fans» қолдауынсыз қалады.
Бұл оқиғаға қала әкімі, ІІМ және құқық қорғаушы органдарды назар аударуын және «Ордабасы» жанкүйерлері тарапынан әділдік орнатуға шақырамыз! Біз қылмыскер емеспіз – біз клуб пен қала үшін соңына дейін тұратын жандармыз!
Біздің серіктес: FONBET