Ішкі чемпионаттың кешегі өткен алғашқы тур ойындарын 26 мың фанат тамашалаған екен.
Премьердегі ең көп жанкүйер жинаған матч ретінде “Ордабасы” - “Ертіс” кездесуі тіркелді (2:2). Қажымұқан атындағы стадионға кеше барлығы 16 мың адам келіпті. Шымкенттік клуб алғашқы тур кездесуіне Қайрат Нұртас пен Shiza шақырып, концерттік бағдарлама арқылы біраз фанатты жинай алды.
Одан кейін тізімге ойын Түркістанда болса да, өз командасын қолдаусыз қалдырмаған ақтөбеліктер еңіп отыр. 7 мың адамды сыйдыратын Аренаға кеше бас-аяғы 5 мың фанат жиылыпты. Номиналды алаң қожайындары аталған кездесуде 4:1 есебімен айқын жеңіске жетті. Супержұлдыз Нани болса, алғашқы дебюттында голдық паспен көзге түсті.
Қалған “Алтай” - “Қайрат”, “Оқжетпес” - “Семей” матчтарында келушілер саны 3 мыңға да жетпеді.
Бүгінде Премьердің 4 ойыны көрермендерге жол тартады. Күнтізбеге сәйкес, “Қызылжар” - “Каспий”, “Атырау” - “Ұлытау”, “Қайсар” - “Жеңіс”, “Астана” - “Жетісу” жарыс жолында бәсекеге түспек.
Біздің серіктес: FONBET