Жарнама
Жарнама

Жапондық футболшы “Астанаға” қарсы кездесуден кейін өз ойын білдірді

01.12.2023, 23:40
Жарнама
Жарнама


“Динамо” Загреб ойыншысы Такуро Канеко Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында КЛ бесінші туры аясында өткен матчтан кейінгі эмоциясымен бөлісті.


  • Жеңіспен құттықтаймын! Сен бұл ойында гол соқтың. Жалпы матч жайлы не айтасың?

“Ия, мен өте бақыттымын. Мен гол соқтым, команда содан кейін жеңіске жетті. Бірақ менің тағы да гол соғуыма біршама мүмкіндіктер болды. Осы мүмкіндіктерді жүзеге асырғанда қарсыласымызға қарсы ойын бізге жеңілге соғар еді”. 


  • “Динамоның” топтан шығу мүмкіндігіне баға берсең?

“Менің қазіргі сәттегі бар назарым “Балканиге” қарсы кездесуге бағытталды. Менің ойымша, қарсыласымызды қапы қалдыратындай шамадамыз”. 


  • “Динамо” “Астананы” екі рет жеңді. Қазақстан футболының деңгейін саралап берші?

“Ойын жоғары деңгейде өтті. “Астана” - жылдам ойыншылармен жасақталған мықты команда. Олардың бұл ойында өз мүмкіндіктері болды. Біз өз тарапымыздан көңіл толар ойын өрнегін көрсеткенімізге ризамын”.

Жапондық футболшы кешегі кездесудің 79 минутында гол соғып, өз командасының 2:0 есебімен айқын жеңіске жетуіне жол ашқан еді.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров