Жарнама
Жарнама

Жапонияның “Кашива Рейсол” клубы клубаралық әлем чемпионатының ширек финалынан орын тепті

12.12.2011, 03:30
Жарнама
Жарнама
Жапония чемпионы өз алаңында 2:0 есебімен Жаңа Зеландияның “Окленд Сити” клубынан мерейін асырды. Тойотаның орталық стадионында өткен матчтың 37-минутында алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Дзюньи Танаки   жаңазеландиялықтарды ойынды ортадан бастауға мәжбүр етті.  Екінші гол да көп күттірген жоқ.  Реті келсе жеңісті шегелей түсуге күш салған   жергілікті аяқдоп шеберлері  араға үш-төрт минут салып өз жанкүйерлерін тағы бір желпінтіп тастады.  Бұл доп  команданың белді шабуылшысы Масато Кудоның еншісінде.  Енді  “Кашива Рейсол” клубаралық чемпионаттың ширек финалында Мексиканың “Монтеррей” клубымен кездеседі.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров