Тақырыпта айтылып тұрғандай, футболда қақпашының көрсеткен өнері командасы үшін маңызды рөл атқарады. Алаңда жүрген ойыншылардың ішінде ең үлкен ауыртпашылық қақпа қорғанына түседі. Заманауи футболда Мануэль Нойер, Давид Де Хеа, Кейлор Навас және тағы да басқа жоғары деңгейлі қақпашыларды білеміз. Бұл спорттың тарихында бір матчтың ішінде бірнеше 11 метрлік айып добын тосқан қақпашылар бар. Біз бүгін сол аяқдопшылардың қаһармандығы жайлы әңгімелейтін боламыз.
1999 жылы 4 шілдеде аргентиналық шабуылшы Мартин Палермо ерекше рекорд жасады. Парагвайда өткен Копа Америка жарысында Колумбияға қарсы кездесуде ол футболшы үш пенальтидіде сәтсіз орындады. Қақпашы Мигель Калеро алғашқы соққыны қайтарса, екіншісі маңдайшаға тиген. «Ер кезегі үшке дейін» демекші, үшінші доп мүлде биік кеткен. Бірақ бұдан да асып түсетін оқиғалар бар.
Естеріңізге сала кетейік, біз бұл жерге ойын соңындағы пенальти сериясын қосып отырған жоқпыз. Ол жақта голкипердің бес рет командасын құтқаруға мүмкіндігі бар. Есеп тең болған жағдайда одан да қатты қара терге түсуі ықтимал. Мұндай жетістік «Стяуа» қақпашысы Хельмут Дукадамға тиесілі. 1986 жылы Еуропа Чемпиондар кубогының финалында «Барселона» футболшыларының төрт бірдей соққысын тосып, турнирдің жеңімпазы атанған.
1980 жылы 2 наурызда Англияның жоғарғы дивизионында «Ипсвич Таун» мен «Манчестер Юнайтед» күш сынасқан. «Портмен Роуд» стадионында өткен матчта «қызыл сойқандар» голкипері Гэри Бэйли үш рет командасын құтқарған. 11 метрлік айып добынан голландиялық Франс Тейсеннің бір, англиялық Кевин Биттидің екі соққысын тойтарған. Бір қызығы кездесу «Испвичтің» пайдасына 6:0 есебімен аяқталған.
Сын сағатына түскен тағы бір қақпашы - Мэтт Гленнон. «Хаддерсфилд Таун» клубының намысын қорғайтын футболшы 2007 жылы 24 ақпанда үшінші лигада «Крю Александраға» қарсы негізгі құрамда болған. «Галфарм» стадионында өткен кездесуде Райана Лоу Гэри Робертс пен Жюльен Боденің пенальтилерін алып шыққан. Бірақ жарқыраған өнерінен соң өз әріптесі Аарон Харди автогол салып, қонақтарға 1:2 есебімен жеңіс сыйлады. Гленнон өзін сабырлы ұстап, Хардиге ешқандай назын айтпаған.
Қарсылас үшін «алынбас қамалдай» болған әлемдегі бірінші кипер «Гримсби Таун» жейдесін киген Уолтер Скотт. 13 ақпан 1909 жылы Англия кубогында «Бёрнлиге» қарсы сырт алаңда болған ойында Скоттың қақпасына төрт рет 11 метрлік айып добы тебілген. Скотт алғашқы үш соққыны қайтарған, нүктеден голсыз оралған Уолтер Эбботт, Роберт Хендерсон және Дик Смит. Эбботт соңғы пенальтиді сәтті орындап, сол матчта «Бёрнли» 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бірақ Скоттың дәурені енді басталған болатын. Айналдырған екі айдың ішінде «Гримсбидің» қақпасына бес матчта сегіз пенальти белгіленген. Жалғыз ғана доп, Эботтың соққысын ғана Уолтер Скотт тоса алмаған.
Мақала «Футбольные Байки» кітабынан аударылды
Біздің серіктес: FONBET