Жарнама
Жарнама

Жақып Қожамберді Ұлттық құрамаға шақырту алды

05.02.2015, 22:19
Жарнама
Жарнама

"Тараз" футбол командасының жартылай қорғаушысы Жақып Қожамберді Қазақстан Ұлттық құрамасына шақырту алды. Юрий Красножан баптайтын команда Түркия жерінде оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Сонымен қатар, онда Ұлттық құрамамыз 2 бірдей жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Әзірге, бір қарсыластың есімі белгілі. Ол Молдова құрамасы. Сол матчқа қарай құрамаға жаңадан футболшылар шақырту алды. Олардың қатарында Жақып Қожамбердінің де болғаны көптеген жанкүйерлер үшін қуанышты жаңалық. Өткен маусымда "Тараз" сапында керемет маусым өткізіп, өз-өзін тамаша қырынан көрсете білген Жақып құрамамыздың жартылай қорғанысын күшейте түсері сөзсіз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров