Жарнама
Жарнама

Жарақатына қарамастан, Неймар “Сантосты” құтқару үшін алаңға шығып, гол соқты

29.11.2025, 08:20

Бразилияның Серия А чемпионатындағы маңызды матчта Неймар "Спорт Ресифи" қақпасына гол соғып, "Сантосты" жеңіске жетеледі, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Ойын алдында "Сантос” небәрі 38 ұпаймен, 17-орында, құлдырау аймағында тұрған еді. Сондықтан Неймардың алаңға шығу туралы шешімі жай ғана спорттық тәуекел емес, клубқа деген шынайы адалдығының көрінісі болды.

Сәл бұрын ғана жамбас бұлшықеті жарақатынан айыққан Неймар бар болғаны үш матчқа қатысқан еді. Алайда "Мирассол" клубына қарсы кездесуде ол менискус жарақатын алған. Дәрігерлер оған шұғыл операция қажет екенін айтқанымен, Неймар маусымды мерзімінен бұрын аяқтаудан бас тартты — себебі дәл осындай қиын шақта "Сантос” оның көшбасшылығына зәру.

Зерттеулерге қарағанда, футболшының сол тізесіне операция жасау міндетті, ал ол маусымның қалған бөлігінде алаңға шығуына мүмкіндік бермейді. Соған қарамастан Неймар команда мүддесі үшін жаттығуға қайта қосылды. Дегенмен оның физикалық дайындығы әлі мінсіз емес.

Бас бапкер Хуан Пабло Войвода Неймар туралы былай деді:

"Неймар әрқашан командасымен бірге болуды қалайды, мен оның шешіміне құрметпен қараймын."

Бұл жеңістен кейін "Сантос” 41 ұпаймен 15-орында, және қателесуге мүлде болмайтын кезеңде тұр. Жанкүйерлер Неймардың жас күніндегідей, тағы да команданы қиындықтан алып шығатынына үміт артып отырған көрінеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров