Жарнама
Жарнама

Жарко Томашевич «Астанадан» кетті

16.01.2022, 21:52
Футболшы мансабын Қазақстанның басқа клубында жалғастыруы ықтимал.
Жарнама
Жарнама

Елордалық «Астана» 31 жастағы черногориялық қорғаушы Жарко Томашевичтің командадан кеткенін хабарлады.

Черногориялық қорғаушының келісім-шарт мерзімі аяқталған екен.

Томашевич «Астанаға» 2019 жылы қосылды: сол жылы клубпен бірге Қазақстан чемпионы атанды. Елордалық клуб үшін 48 ойын өткізіп, 6 гол соқты, 2 нәтижелі пасы бар.

Қорғаушыға «Тобыл» клубы қызығушылық танытуда. Қостанайлық клуб «Астананың» экс-қақпашысы Дмитрий Непогодовпен де келіссөздер жүргізуде.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров