Жарнама
Жарнама

Жас дарын Эрлинг Холанд қай клубқа ауысады?

06.12.2019, 04:33
Жарнама
Жарнама

Норвегия футболының болашағы саналатын вундеркиндке талас қыза түсті.

"Зальцбург" сұрмергені Эрлинг Холанд қысқы трансферлік кезеңде клуб ауыстыруы мүмкін деп хабарлайды Bild.
Ең қызығы аталған ақпарат көзіне сенсек, жас шабуылшы үшін жаңа ұжым небәрі 20 млн. еуро жұмсауы ықтимал. Себебі, Холандтың "Зальцбургпен" арадағы келісім шартында осы сомма көрсетілген.
Жасыраты жоқ қазір Холанд десе іске кірісуге дайын Еуропаның ТОП клубтары аз емес. Ұзынқұлақтан жеткен тағы бір мәліметтерге сүйенсек, "Реал Мадрид", "Ювентус", "Бавария" мен "Манчестер Юнайтед" норвегиялық футболшыға келісім шарт ұсынуға әзір.
Алайда 19 жастағы шабуылшының әкесі ұлының АПЛ-да доп тебуін мақұлдамайды.
Айта кетейік, Эрлинг Холанд "Зальцбург" сапына 2019 жылдың қаңтарында "Мольдеден" ауысқан-ды. Ол кезде трансфера құны 5 млн. евро болған. Биылғы маусымда Эрлинг Австрия чемпионатында 13 ойында алаңға шығып, 15 гол мен 4 нәтижелі пастың авторы атанған. Сонымен қатар, Чемпиондар лигасында 5 кездесуде 8 гол салған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров