Жарнама
Жарнама

Жасанды алаңның тозығы жетті

21.09.2011, 17:25
Жарнама
Жарнама

Ағымдағы жылдың басында Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының бірнеше мектебінде қуанышты сәт болған еді. Айтып отырғанымыз, он орта мектептің аулаларында заман талабына сай, қаланың өзге білім беру мекемелері қол жеткізе алмай отырған, тіпті, еліміздің ірі қалаларында саусақпен санарлықтай кездесетін жасанды төсенішті шағын алаңдар салынған еді.Игі шара «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының ықпалымен, компанияның 2009-2012 жылдарға арналған жоспары аясында қолға алынған шара болатын.

Алайда, мұнайшылардың денсаулығы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында халық игілігіне берілген сол алаңшалардың бүгінде жыл өтпей тозығы шықты. Мәселен, қаладағы №2, №3 және өзге де мектептердің жасанды алаңдарының қоршау-торлары тесіліп, кілемшелері де зақымдалған. Ал, №15 орта мектебінің алаңының қоршауының есігі мен солтүстік бұрышы мүлдем жоқ. Жерге төселген жасанды алаң болса кім көрінгеннің жұлмалауынан әбден тозығы жеткен. Бұл – қала тұрғындарының тегін дүниеге ұқыптылықпен қарамайтындығын анық байқатты.

Осы ретте, еліміздің Алматы секілді ірі шаһарларында мұндай алаңдарда асыр сап доп қуалау қомақты қаражатты қажет ететіндігі еске түседі. Сондықтан да қаламыздағы алаңшаларды қаржылай нысан көзіне айналдыру керек пе деген де ой келеді. Себебі, қазекем айтпақшы, «қолда барда алтынның қадірі жоқ!».

Манас АДАЙ

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров