Футбол әлемі қызу талқылап жатқан "Алтын доп 2025" жүлдесінің фавориті анықталды. Бұл жолы таңдауды адамдар емес, жасанды интеллект жасады. Францияның танымал аналитикалық компаниясы Avisia заманауи алгоритмдерді қолданып, басты үміткерлерді саралады.
Болжамға сәйкес, 2025 жылғы "Алтын доптың” басты үміткері "ПСЖ" жұлдызы Усман Дембеле. Оның жеңіске жету мүмкіндігі – 72%, бұл басқалардан айқын жоғары көрсеткіш.
Ал екінші орында әлем футболының жас таланты, "Барселона” шабуылшысы Ламин Ямаль (56%).
Үздік бестікте:
69-шы "Алтын доп" марапатын табыстау рәсімі 22 қыркүйекте Париждегі әйгілі Театр Шатледе өтеді. Бұл салтанатты кешті УЕФА мен France Football басылымы бірлесіп ұйымдастырады.
Біздің серіктес: FONBET