Жарнама
Жарнама

Жасанды интеллект "Қайрат" - "Олимпиакос" кездесуіне болжам берді

Бүгін, 10:58

«ChatGPT» «Қайрат» - «Олимпиакос» кездесуіне қатысты болжам жасап, қос командаға тоқталды.

"Олимпиакос" футболшылары голдарын тойлауда
Жарнама
Жарнама

Жасанды интеллекттің долбарлауынша, жеңіске грекиялық клуб жетуі тиіс, бірақ Қазақстан чемпионы да өз алаңының басымдығын пайдаланып қалуы ықтимал. Бұл бәсеке бүгін 20:30-да басталады.

«Матч алдындағы сараптамалар жекпе-жектің өте қарқынды өтетінін аңғартады. ChatGPT болжамына сәйкес, ойын 2:1 есебімен грек командасының пайдасына аяқталуы ықтимал.Соған қарамастан, «Қайрат» өз алаңының артықшылығын тиімді пайдаланатын команда екені белгілі. Жылдамдыққа құрылған ойын, белсенді прессинг және жанкүйерлердің қолдауы – алматылықтардың басты қаруы. Команда гол соғуға жеткілікті мүмкіндік жасайтынына еш күмән жоқ.

Ал «Олимпиакос» тәжірибесімен ерекшеленеді. Еурокубоктарда жинаған мол тәжірибе, ойыншылардың жеке шеберлігі және қысымға толы матчтарда салқынқанды шешім қабылдай білуі грекиялық клубқа артықшылық береді. Әдетте мұндай матчтардың тағдырын дәл осы факторлар анықтайды», - делінген болжамда.

Алматылық клуб ЧЛ жалпы кезеңінде 5 турдан кейін 1 ұпаймен 35-орынға жайғасса, «Олимпиакос» еншісінде 2 ұпай. Грекиялық ұжым 33-сатыда.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров