Уэльс құрамасының капитаны Бен Дэвис Қазақстанға қарсы ойын алдындағы баспасөз мәслихатында "Астана Аренадағы" алаң сапасына оң бағасын берді.
"Иә, бізде ешқандай сылтау жоқ. Бүгін алаңда жаттығу өткіздік. Жасанды жабын болса да, сапасы жақсы екен. Жаттығуды сәтті өткіздік." — деді Дэвис.
Сондай-ақ ол құрамадағы күтпеген жарақаттар туралы пікір білдірді:
"Иә, ойыншылардың жарақат алуы біз үшін күтпеген жағдай болды. Бірақ бұл басқа футболшыларға өздерін көрсетуге мүмкіндік береді. Алдағы матчтарда олар өз қабілеттерін дәлелдейді деп ойлаймын." — деп қосты Дэвис.
Біздің серіктес: FONBET